Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Чиптеу»: Илон Масктің компанияларына миға арналған құрылғыны адамға сынап көруге рұқсат берілді

26 мамыр 2023, 11:01

Компанияның маймылға жасаған сынақ нәтижесі чиптің миды басқара алатындығын дәлелдеген.

АҚШ денсаулық сақтау министрлігі Илон Масктың Neuralink компаниясына адамдарға клиникалық сынақтар жүргізуге рұқсат берді.

«Біз Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан адамдарға арналған алғашқы клиникалық сынақты бастауға рұқсат алғанымызды қуана хабарлаймыз», – делінген компанияның Twitter-дегі хабарламасында.

Компанияның маймылға жасаған сынақ нәтижесі чиптің миды басқара алатындығын дәлелдеген. Масктың айтуынша, чиптерді имплантациялау технологиясы зағип немесе сал ауруына шалдыққан адамдарға көмектеседі.