Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Дания Украинаға әскери көмекті күшейтеді

22 желтоқсан 2022, 14:27

Дания үкіметі мен парламенттік партиялары Украинаға қару сатып алуға қосымша қаражат бөлу туралы бірлескен шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Дания үкіметі Украинаға қару-жарақ пен құрал-жабдықтар сатып алу үшін 300 миллион дат кронын (шамамен 43 миллион доллар) бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Дания Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дания Қорғаныс министрі Якоб Эллеманн-Йенсен ақша бөлу туралы түсініктеме бере отырып, Украина қазір өзін ғана емес, бүкіл Еуропаны қорғайтынын айтты.

«Украинаның бостандық үшін күресі - бұл біздің және Еуропаның бостандық үшін күресі. Сондықтан Үкімет Парламенттегі партиялармен бірге Украинаға тағы 300 миллион Дат кронын бөлу туралы шешім қабылдады. Үкімет украиндықтарға қаржылық, әскери және гуманитарлық қолдау көрсетуді жалғастырады», - деді министр.
Ол Дания үкіметі украиндарға қаржылық, әскери және гуманитарлық қолдау көрсетуді жалғастыратынын айтты.

Дания қорғаныс ведомствосының ақпараты бойынша, қаражат қорғаныс министрлігінің бюджетінен бөлініп, Ұлыбритания басқаратын Украина үшін халықаралық қорға беріледі.