Данияда туризмнің жаңа түрі пайда болды

02 тамыз 2022, 00:07

Дәл қазір туризм саласының айы оңынан туып тұр. Пандемия кезінде қол қусырып отырып қалған кәсіпкерлер, биылғы жаздың бергенін барынша пайдалануға асық. Жарнамасын асырып, жаңаша қырларын да аша бастаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілеме жасап.

Данияға қарасты Гренландия аралында туризмнің жаңа түрі пайда болды.

 

Саяхатшылар бұл аймаққа мұзтаудың құлағанын немесе ерігенін көру үшін келуге асық.

 

Адам қарасы көбейіп жатқандықтан Гренландияда 2024 жылы 3 жаңа әуежай салынғалы жатыр.

 

Әлемдегі ең ірі аралдағы мұздың еруіне климат өзгерісі әсер етуде.

 

Ғалымдар Арктикада жылыну үдерісі 3 есе жылдам жүріп жатқанын айтады.