Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Дәрігер жасырын түрде бірнеше әйелді өз ұрығымен ұрықтандырған

01 қараша 2019, 15:06

АҚШ-тың Колорадо штатының тұрғыны дәрігерге анонимді донордың биологиялық материалының орнына ұрықтандыру үшін өзінің ұрығын қолданған деп сотқа жүгінді.

Черил Эммонс 1980 және 1985 жылдары доктор Пол Джонспен Колорадо ауруханасында жасанды ұрықтандырудан өтті және Мая Эммонс-Боринг және Тани Скотт сияқты екі қызды дүниеге әкелді.

Әпкелер ата-аналары оларды жасанды ұрықтандыру арқылы өмірге әкелгенін білмеді. Оған Жаңа жыл қарсаңында сайтта бейтаныс адам жазды. Хабарлама авторы олардың бір-біріне ұқсас екендіктерін айтып, әкесінің сол клиникада ұрық доноры болғанынын айтты. Сонымен қатар, бейтаныс ол бір емхананада ата-аналары донорлық ұрықты қолданған үш әйелді және бір ер адамды білетінін жазды.

Нәтижесінде, ата-аналары апалы-сіңлілерге жүктілік кезінде медициналық көмекке жүгінгендерін мойындады, өйткені әкелерінің ұрық безі қатерлі ісігі болғаннан кейін бала туу мәселесі болған.

Әпкелер олардың ДНҚ-сына кемінде 1976 және 1997 жылдары туған сегіз бейтаныс адамдарммен сәйкес келетіндігін анықтады.

Отбасы бұл туралыДжонстан сұрағанда ол жауап беруден бас тартып, дөрекі жауап берді. Жәбірленушілер Джонсты сотқа берді. Оның сөзіне қарағанда дәрігер белгісіз донордың орнына өз ұрығын пайдаланған.

stan.kz