Шартарап

Дәрігерлер ағзасын алуға дайындап жатқан науқас кенеттен тіріліп кетті

  • Дәрігерлер ағзасын алуға дайындап жатқан науқас кенеттен тіріліп кетті

    Дәрігерлер ағзасын алуға дайындап жатқан науқас кенеттен тіріліп кетті

Льюистің туған-туыстары онымен қоштасып, оның ағзаларын беру арқылы жеті адамның өмірін сақтап қалуға шешім қабылдаған. Ұлыбританияда таңғаларлық оқиға болды. Көлік астына түскен жас жігіт басынан қатты жарақат алып, ми функциясы тоқтап қалған. Туған-туыстар оның ағзаларын беруге келіскен. Бірақ дәрігерлер органдарды алуға дайындалып жатқанда жас жігіт тіріліп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

18 жастағы Льюис Робертс фургонның астына түскен. Бұл оқиға 13 наруызда Стаффордшир графствосындағы Лик қаласында болды. Жасөспірім басынан және денесінен қатты жарақат алған. Оны бірден ауруханаға жеткізіп, шұғыл ота жасады. Ал төрт күннен кейін дәрігерлер ми функциясының тоқтап қалғанын, енді оны құтқару мүмкін емес екенін айтқан.

Льюистің туған-туыстары қатты қайғырып, онымен қоштасып, кейіннен ағзаларын беруге келісті. Сөйтіп, жеті адамның өмірін сақтап қалуға шешім қабылдайды.

Содан кейін дәрігерлер жасөспірімнің ағзаларын алуға дайындала бастайды. Отаға бірнеше сағат қалғанда жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған Льюис өз күшімен ішіне дем тартады.

Бастапқы кезде дәрігерлер де, пациенттің туыстары да бұл жағдайға сенбеді. Бірақ арнайы аппарат жас жігіттің өздігінен деп алып жатқанын анық көрсетіп тұрды.

"Осыдан кейін Льюистің жағдайы күн сайын жақсара берді. Қазір ауырсыну рефлексі пайда болғанымен, аяқ-қолын қозғап, басын ары-бері бұрады. Кірпігін қағып, аузы да қимылдайды", – дейді жасөспірімнің туыстары.
Осы оқиғадан кейін Ұлыбритания халқы жасөспірімге ақша жинай бастады.




Көрілген: 713    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.04.2021, 13:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31