Шартарап

Дәрігерлерге ауыр халдегі науқастарды ауруханаға әкелуге тыйым салынды

  • https://tvzvezda.ru/

    https://tvzvezda.ru/

Нью-Йоркте жедел жәрдем дәрігерлеріне пациенттерге ауруханадан тыс көмек көрсетуге тыйым салынды. Егер адамды құтқару мүмкін болмаса, оны ауруханаға апаруға болмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

"Бұл ешқашан бітпейтін сияқты. Адамдардың ауруханаға келіп түсуі жалғасуда, оларды орналастыратын жер де қалмады", - деді қалалық аурухананың дәрігері.

 

Нью-Йорктегі ауруханаларда коронавиурспен ауыратын науқастар көп, сондықтан жедел жәрдем бөлмелері жаңа пациенттердің санын азайтуға тырысады. Атап айтқанда, енді ауруханаға ауыр халдегі адамдар жеткізілмейді.

 

ABC7NY басылымының хабарлауынша, қала билігі Нью-Йорк пен Лонг-Айлендтегі жедел жәрдем бригадаларының барлығына жарлық шығарды. Енді дәрігерлер науқасты "дала жағдайында" көмек көрсете алмаса, оны өлді деп тануы керек. Оны ауруханаға апаруға тыйым салынады.

 

Өрт сөндіру бөлімі комиссарының орынбасары басылымға жаңа қаулының міндетті, яғни қатаң түрде орындалуы керек екенін айтты.

 

Қазір оны жүзеге асырудың жоспары жасалуда. Басылым биліктің мұндай әрекеттері қазіргі кездегі қала мен елдегі жағдайдың қаншалықты өкінішті екенін көрсетеді.

 

"Науқасқа жүрек-өкпелік реанимация жасағанда, сіз кеудені қатты басасыз, сондықтан оның өкпесінен ауа шығады. Егер бұл адам COVID-19 -ды жұқтырса, онда бұл вирус ауруханаға таралады. Бұл қауіпті ескеру керек», - деді дәрігер Кумар.

 

Бұл шарт көптеген жылдар бойы өмірін сақтап келе жатқан дәрігерлерді таң қалдырды.

 

"Дәрігер ретінде және жанұясы бар қаланың тұрғыны ретінде мұндай жаңалықтар мені қатты таң қалдырады. Мен жақындарымның өмірі үшін қорқамын. Бұл өте қорқынышты", - дейді қала тұрғындары.

 

Бұл шешім 18 жастан асқан пациенттерге қатысты болатындығы атап өтілді.
 




Көрілген: 753    Пікірлер: 0

жұма, 03.04.2020, 16:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31