ДДСҰ Африкада тарап жатқан Эбола індетінің қаупін бағалады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшылары Конго Демократиялық Республикасы мен Гвинеядағы Эбола індеті туралы мәліметтерді зерттеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұйым аурудың өршуі аймақтық қауіп төндіреді деп санайды.
 Женевада өткен брифингте ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан ұйымның Эбола ауруына қарсы іс-қимылдарды үйлестіру үшін аймақтың көптеген елінің билігімен байланысқанын және оларға қолдау көрсетуге тырысып жатқанын атап өтті.
"Гвинея, Сьерра-Леоне, Кот-д' Ивуар және басқа елдер шұғыл әрекет етті. Бұл дұрыс тәсіл. Бізге аймақтық биліктің басшылығымен келісілген шаралар қажет, өйткені бұл ауру аймақтық қауіпке айналды. Енді біздің әрекеттерімізді үйлестіру қажет. ДДСҰ жабдықтар мен мамандарға көмек көрсетуге дайын", - деді Райан.
Бұған дейін Гвинеяда Эбола індеті басталғаны туралы жариялады.