Шартарап

ДДСҰ коронавирусқа қарсы Sinovac вакцинасын шұғыл жағдайда қолдануды мақұлдады

  • ДДСҰ коронавирусқа қарсы Sinovac вакцинасын шұғыл жағдайда қолдануды мақұлдады

    ДДСҰ коронавирусқа қарсы Sinovac вакцинасын шұғыл жағдайда қолдануды мақұлдады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Sinovac фармацевтикалық компаниясы әзірлеген COVID-19 вакцинасын шұғыл қолдануы мақұлдады. Бұл туралы ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус сейсенбіде өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

«Мен коронавирусқа қарсы Sinovac вакцинасы қауіпсіз, тиімді және сапалы деп танылғаннан кейін шұғыл пайдалану үшін ДДСҰ тізіміне енгізілгенін хабарлауға қуаныштымын», – деді ДДСҰ басшысы.

ДДСҰ басшысы CoronaVac сақтау сапасына қойылатын қарапайым талаптарды да айта кетті. CoronaVac вакцинасы – белсенді емес вакцина және оны Бейжіңде орналасқан Sinovac фармацевтика компаниясы шығарады.

Естеріңізге сала кетейік, шұғыл қолдану үшін ДДСҰ тізімінде келесі препараттар бар: қытайлық Sinopharm және Sinovac компанияларының вакциналары, Janssen вакцинасы, америкалық Moderna компаниясының вакцинасы, AstraZeneca/Oxford вакцинасының екі нұсқасы және Pfizer/BioNTech жасаған вакцина.

Еске сала кетсек, қытайлық CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы 500 мың доза Бейжіңнен Алматыға 1 маусымда жеткізілді.




Көрілген: 769    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.06.2021, 09:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31