Шартарап

ДДСҰ коронавирусқа қарсы өсімдіктен жасалған сусын адамды аурудан айықтыра алмайтынын ескертті

  • ДДСҰ коронавирусқа қарсы өсімдіктен жасалған сусын адамды аурудан айықтыра алмайтынын ескертті

    ДДСҰ коронавирусқа қарсы өсімдіктен жасалған сусын адамды аурудан айықтыра алмайтынын ескертті

Мадагаскарда жергілікті өсімдіктерден жасалған сусын Африкада COVID-19-ға арналған "дәрі" ретінде тарап жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz, Reuters дерегіне сілтеме жасап. 

Өткен айда Мадагаскар президенті Андри Радзуэлина осы сұйықтықты баспасөз конференциясында ішіп, одан коронавирустың жаңа түрін жұқтырған екі адам емделгенін айтқан болатын. 

COVID-19 Organics деп аталатын безгекке қарсы қасиеттері бар Artemisia annua өсімдігінің негізіндегі тоник қандай да бір халықаралық ғылыми сынақтардан өтпеген. Радзуэлина оны асыра мақтаған соң, ДДСҰ дәріні тексеру қажет екенін ескертті.

Ақпарат бойынша, сусынды Мемлекеттік малагасий қолданбалы зерттеулер институты әзірлеген. Бүгінде оның мыңдаған дозасы Танзания, Экваторлық Гвинея, Орталық Африка республикасы, Конго республикасы, сондай-ақ Конго Демократиялық республикасы, Либерия және Гвинея-Бисауға тегін тарап үлгерген. 

Президент әкімшілігінің заң жөніндегі кеңесшісі Мадагаскар бұл сусынды ішкі нарыққа шығаратынын айтты. Оның бір бөтелкесі шамамен 40 АҚШ центі тұрады. 

Басқа Африка елдерінің басшылары тапсырыс рәсімдеп жатқандарын мәлімдеді.

ДДСҰ Artemisia annua-дан алынған қосылыстар безгекті емдеуде тиімді болғанымен, аурудан сауықтыра алмайтынын ескертті. 

 

 




Көрілген: 199    Пікірлер: 0

сенбі, 09.05.2020, 13:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30