ДДСҰ: маймыл шешегіне 780 адам шалдықты

06 маусым 2022, 09:15

Мамыр айынан бері әлемнің 27 елінде тіркелген маймыл шешегін 780-нен астам адам жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».
 
 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айтуынша, инфекцияның таралуына қатысты эпидемиологиялық тергеу жалғасып жатыр. Мамандар маймыл шешегін бірден анықтау қиынға түседі дейді. 

Айта кетейік, маймыл шешегі Орталық және Батыс Африка елдерінде сирек кездесетін вирусты ауру болып саналады. Онда дерт әдетте маймылдар мен кеміргіш жануарлар арқылы жұғатын. Ал жыл басынан бері Африканың 5 елінде аталған аурудан 70-ке жуық адам көз жұмды. Вирус, әсіресе, Нигерия, Конго, Либерия мен Сьерра-Леонеде жиі тіркелген. Енді науқастардың басым бөлігі Ұлыбритания, Испания, Португалия, Канада мен Германияда да анықталып жатыр.


BAQ.KZ