Шартарап

ДДСҰ "Спутник V" вакцинасын мойындайтын болды

  • ДДСҰ

    ДДСҰ "Спутник V" вакцинасын мойындайтын болды

Ресейдің денсаулық сақтау министрі АҚШ вакцинация туралы сертификатты өзара мойындауға қатысты да қызығушылық білдіріп отырғанын атап өтті

"Спутник V" вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мойындауы үшін барлық кедергілер алынды. Қазір тек кейбір әкімшілік шаралар қалды.

Бұл туралы АҚШ өкілдерімен Женевада кездескен Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко хабарлады, деп жазды РИА Новости.

"Ресейдің "Спутник V" вакцинасын тіркеу мен одан әрі қолдану туралы ұстанымы қолдау тапты. Енді ДДСҰ алаңында вакцинаны тіркеумен айналысатын компанияның бірқатар құжаттарға қол қоюы мен қосымша қағаздар ұсынуы қалды", - деді ол.

Оның сөзінше, ұйымның бас директоры Тедрос Гебрейесус бұдан әрі жұмысқа кедергі болмайтынын айтқан. Олар 1 қазанда кездескен болатын.

Сонымен қатар Мурашко АҚШ вакцинация туралы сертификатты өзара мойындауға қатысты да қызығушылық білдіріп отырғанын атап өтті.

Қазіргі күні Ресей Федерациясында коронавирусқа қарсы бес вакцина тіркелген. Олардың алғашқысы Гамалея орталығы әзірлеген "Спутник V" вакцинасы. Ол әлемнің 70 елі тарапынан қолдау тауып, жаппай вакциналауда қолданылып келеді.

Ресейліктер үшін новосібірлік "Вектор" орталығының  "ЭпиВакКорона", Ресей Федерациясы ғылымдар академиясы Чумаков орталығының "КовиВак" вакцинасы да қолжетімді.

Ревакцинация үшін "Спутник Лайт" вакцинасын қолдануға кеңес берілген. Ол  "Спутника V" вакцинасының жеңілдетілген түрі. Сондай-ақ министрлік "ЭпиВакКорона-Н" вакцинасын тіркеді.

Шілде айында ведомство Санкт-Петербург ғылыми зерттеу институты мен Федералдық медико-биологиялық агенттіктің жобасын сынауға рұқсат берді.

sputnik.kz




Көрілген: 1171    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.10.2021, 02:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31