ДДҰ басшысы оқшауланды

02 қараша 2020, 10:30

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Twitter желісінде коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғаннан кейін оқшауланғанын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ДДҰ бас директорының айтуынша, аурудың белгілері жоқ, бірақ БҰҰ хаттамаларына сәйкес, ол жақын күндері үйден жұмыс істейді. 

"Вирустың таралуымен күресте ұсынымдарды сақтаудың маңызы орасан зор", - деп жазды Гебрейесус.