Шартарап

ДДҰ халық медицинасын оқу бағдарламасына енгізуді ұсынды

  • http://www.likar.info

    http://www.likar.info

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африка елдерінің билігінен, жекеменшік сектордан, жоғарғы оқу орындарынан және ғылыми-зерттеу мекемелерінен оқу бағдарламасына халық медицинасын енгізуге кеңес берді.


Танзаниялық «HabariLeo» жаңалықтар қызметі таратқан хабарға қарағанда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африка құрлығында орын тепкен елдерден 14 мемлекет үшін медициналық білім алып жатқан студенттерге халық медицинасын оқытудың негізгі принциптерін әзірлеп қойған.


Бұл жайында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Африка аймағының директоры Матшидисо Моэти мәлім еткен.


Сөз орайы келгенде айта кету керек, тамыз айының 31-і күні Африка құрлығында халық медицинасы күні аталып өтеді. Биыл осынау атаулы күні халық медицинасын оқу бағдарламасына енгізу бастамасы көтерілген болатын.


Матшидисо Моэти Африка құрлығындағы халықтың басым бөлігінің халық еміне жүгінетінін жеткізді. Мәселен, басы ауырып, балтыры сыздай қалса, Бенин тұрғындарының шамамен 70%-ы, Гана азаматтарының 90%-ы халық медицнасына жүгінеді.


Африка құрлығындағы 34 елдің денсаулық сақтау министрлігінде халық медицинасына мамандар даярлау комитеті жұмыс істейді. 2010 жылы халық медицинасына қолдау білдіретін мұндай комитет Африканың тек 10 елінде ғана жұмыс істеген еді.


Африкадағы 34 ғылыми-зерттеу институты халық медицинасының сапасын, тиімділігін, қауіпсіздігін тексереді. Тіпті, осы заманғы медицинаның шамасы келе бермейтін безгек, жұқпалы аурулар, ВИЧ, сусамыр, гипертония, қан аздық, т.б. ауруларда халық медицинасы қолданыла береді.


 islam.kz




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.09.2019, 10:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30