Шартарап

ДДҰ карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады

  • ДДҰ карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады

    ДДҰ карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері кейбір елдердің локдаун режимін енгізуіне қатысты пікір білдірді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа аурулар бөлімшесінің басшысы Мария Ван Керхове коронавирус пандемиясы кезінде қайтадан локдаун енгізуге қатысты ойын айтты.

Ол елдер COVID-19 таралуын тоқтату үшін ұлттық шектеулерді қайта енгізбеуі тиіс деген ойда. 

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұндай тәсілді ұсынып отырған жоқ. Алайда кейбір елдерде вирус тым жылдам таралғандықтан, осындай шараны қолдануға тура келді. Бірақ біз ұлттық шектеулерді қайта енгізуге болмайды деп санаймыз",- деді доктор Мария Ван Керхове The Telegraph-қа берген сұхбатында.

Маман локдаун режимі денсаулық сақтау саласы инфрақұрылымын жасап үлгеруін көздейтін тәсіл екенін айтты. Бірақ экономика, медицина мен қоғам үшін қатаң карантин салдары ауқымды болып отыр.

"Алдағы жарты жылда вакцина болмайды", - деп мәлімдеді Ван Керкхове.

Локдаун орнына елдер инфекция ошағын анықтап, вирус таралуын тоқтатуға арналған жергілікті стратегия қабылдауы керек екені айтылып отыр.

"Вирус жұқтырған адаммен байланыста болғандарды анықтау, тест жасау, медицина ұйымдарын тиісті деңгейде жабдықтау, қашықтықты сақтау және маска тағу сынды ұсыныстарды айтқан болатынбыз. Бұл шаралардың бәрі бірге жасалуы тиіс. Сонда нәтиже болады. Осының арқасында індет өршуін тоқтатқан елдерді көріп отырмыз", - деді ұйым өкілі.

Әлемде барлығы 18 миллион адамда коронавирус расталды. АҚШ (4,6 миллион), Бразилия (2,7 миллион) және Үндістан (1,7 миллион). Қазақстан Джон Хопкинс институтының мәліметіне сәйкес, 24-ші орында (92,6 адам жұқтырды, 793 адам қайтыс болды).

Еске сала кетсек, Қазақстан карантин режимін қайта қатаңдатқан елдердің қатарында. 




Көрілген: 262    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.08.2020, 10:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30