Шартарап

Демократия Еуропаның түбіне жете ме?

  • Демократия Еуропаның түбіне жете ме?

    Демократия Еуропаның түбіне жете ме?

Күні кеше ЕО онлайн-саммиті өтті. Бастапқыда саммитте COVID-19-ға қатысты жағдай ғана талқылануы керек болатын
Еуропаның барлық дерлік елдерінде эпидемиялық жағдай күрт нашарлап, бұл биліктен қатаң шаралар қабылдауды талап етіп отыр. Алайда, бұл қоғамдық қарсылыққа алып келуде. Азаматтар ауқымды локдаунға ғана емес, бәсеңдетілген және біршама жеңілдік қарастырылған шектеу шараларына да наразы, деп жазады РИА Новости. 

 Енгізілетін шектеулерге қарсы манифестшілер бірнеше күн бұрын Берлинде су шашу арқылы таратылды. Бұл сырттай еуропалық елдердің денсаулық сақтау саласының күйреуіне жол бермеу, экономика үшін шешімдер салдарын жеңілдету және халық наразылығына төтеп беру секілді маңызды шешімдер қыспағында тұрғанын көрсетіп тұр. 

Алайда, шынайы жағдай саммит жоспарына өз өзгерістерін енгізіп, жақын күндері туындаған тағы бір өзекті мәселе күн тәртібіне шығарылды. ЕО-ның қос мемлекеті &ndash Польша мен Венгрия Брюссельге жағымсыз "тосынсый" жасап, 2021-2027 жылдарға арналған одақ бюджетін (1,074 триллион еуро) және еуропалық экономиканы қалпына келтіру бағдарламасын (750 миллиард еуро) бұғаттап тастады.

Еуропа осы бюджет жоспары есебінен Варшава мен Будапештті биік демократиялық стандарттардан бас тартқаны үшін жазалауды ойластырған еді. Бұл үшін ең айқын әрі ауыр әдіс &ndash қаржы арқылы жүзеге асыру жоспарланған. Польша мен Венгрия ЕО субсидияларының реципиенттері ретінде әлдеқайда басымды және артықшылықты жағдайда тұр. Бұл негізінен геосаяси факторларға байланысты орын алып отыр.

Оларды ақшадан айыру соншалықты оңай болмайтыны проблемаға айналды. Осы уақытқа дейін бірыңғай Еуропада мұндай механизм болған жоқ. Оның үстіне, Еуроодақта маңызды шешімдер қабылдауда одаққа мүше елдердің барлығының ұстанымы ескерілетіні тағы бар. Екі мемлекет те еуропалық бюджеттің қомақты қаражатынан айыруды қолдап дауыс беруі фантастикаға ұқсайды.

 Нәтижесінде, Брюссель соңғы айларда аса күрделі комбинацияны жүзеге асырып келеді. Шілде саммитінде құқықтық мемлекет стандарттары мен негізгі еуропалық құндылықтарды сақтай отырып жасалатын төлемдерге қатысты шешім де жаншылып тасталды. Ал, қыркүйек айының соңында Еурокомиссия Варшава мен Будапешт басты залым етіп сипатталған сәйкес баяндаманы жариялады.  

Міне, ойластырған жоспарды енді жүзеге асырамын деп отырғанда, қос даулы астана бұл процесті бұғаттап тастады. Олар жағдайдың неге алып келерін жақсы түсініп, еуропалық қор қаражатын саяси тұрғыда талан-тараж етуге жол бермейтіндерін мәлімдеді. Сондықтан, Брюссель Еуроодақтың ережесін альянстың өзіне қарсы қолданған поляктар мен венгрлерді жазалаудың жаңа әдісін ойластырғаннан басқа амалы жоқ.

Атлантиканың қос жағындағы батыс ондаған жылдар бойы тектен-тек басқа мемлекеттер үшін үлгі болып келе жатқан жоқ. Демократиялық институттар мен рәсімдер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары ол жақта расымен жұмыс істеді және олардың "бодан әлемнен" үстемдігін паш етті. Ал, Еуропалық одақтың саяси-басқару механизмі батыс демократиясының шаң жуымас апофеозына айналды.

Кейбір скептиктердің мұндай жүйені тиімсіз деп атап, оның ұзақ мерзімде жұмыс істеуіне күмән келтіргендерге энтузиастар "міне, ол көптеген жылдан бері жұмыс істеп келеді, өркендеп, дамып жатыр және ондаға ел үшін үлгі болып отыр. Себебі, бұл нағыз демократия!" деген жауап беруде.

 Бірақ, соңғы жылдарда еуроодақтық жүйе ішкі жағынан ыдырай бастады. Мәселен, Еуропарламент деген дардай аты бар саяси институттың еш құзыреті жоқ екені және билік анонимді брюссельдік бюрократтардың қолында тұрғаны айқын байқалды. Демократияны желеу еткен жүйе жұмыс жасауын одақтың ықпалды мүшелері "кіші серіктестеріне" қысым немесе қоқан-лоқы көрсету арқылы қамтамасыз етіп отырғанына қоғамның көзі жетті. Бұл мәселеде антиресейлік санкцияларды еске алған жеткілікті: санкциялар елдерінің экономикасына кері әсер ететіндіктен, бірнеше еуропалық мемлекет шектеулерге қарсы болды. Бірақ, шешім қабылдайтын кезде бірауыздан қолдау көрсетті. 

Енді міне, еуропалық демократиялық қатардағы аса бай емес, шағын әрі бәрінің талқылауында жүрген қос мемлекет ағысқа қарсы жүзе алатындай және өз дегенінен қайтпайтындай табандылығы мен қырсықтығының арқасында мінсіз жүйені мақсатқа сай қолдана білді.

Сарапшылар Польша мен Венгрияның Еуроодақтан шығуы әбден мүмкін екенін айтып жатыр. Олар одақта болған шақта мейлінше пайдаға ие болып, қазір кво-мәртебесін сақтап қалуды көздейді. Оның үстіне, Брюссель мен батысеуропалық астаналар үшін дегенге көнбейтін "бұзық" екі елдің Еуроодақтан кетуі осы жағдайдан ыңғайлы шығудың бір жолы болады. Алайда, мұндай жағдайда Еуропаның демократиясына нұқсан келеді.
 sputnik.kz




Көрілген: 823    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 12:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31