Шартарап

Депутат, наразылық ретінде, эфирде аузын желімдеп отырды

  • Видеодан алынған кадр: youtube.com/Вадим Рабинович

    Видеодан алынған кадр: youtube.com/Вадим Рабинович

"Оппозиция платформасы – өмір үшін" партиясының мүшесі, Украинаның Жоғарғы Радасының депутаты Вадим Рабинович ток-шоу эфирінде аузына "пластырь" жапсырып отырған.

 

Осылайша, ол елде жабылған телеарналардың журналистеріне тілектес екенін білдіргісі келген деп хабарлайды Радио Sputnik.

 

Депутат шоуға шақырғаны үшін арна өкілдеріне алғысын білдірді.

 

Рабиновичтің айтуынша, Украинада биліктің әрекетін сынға алған төрт телеарнаның жұмысына тыйым салынған. Қазір бір жарым мың адам жұмыссыз отыр.

 

"Наразылық белгісі ретінде бағдарлама бойы ауызымды жапсырмамен жауып отырамын. Қазір елдің 9/10 осылай отыр", – дейді Вадим Рабинович.

 

Еске сала кетсек, биыл 2 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Twitter-де "112 Украина", NewsOne және ZIK телеарналарына және олардың иесі, "Оппозиция платформасы – Өмір үшін" партиясының мүшесі Тарас Козакқа санкция салу туралы шешім қабылданғанын жариялаған еді.

 

 

 

 




Көрілген: 376    Пікірлер: 0

сенбі, 11.09.2021, 20:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31