Шартарап

Депутат Парламент отырысында порно тамашалаған (фото)

  • Фото: ViralPress

    Фото: ViralPress

Таиланд парламентінің депутаты парламент отырысында порно тамашалаймын деп масқара болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

 

Роннатеп Ануват есімді егде жастағы депутат 17 қыркүйек күні Бангкокте өткен парламент отырысында ыңғайсыз жағдайға қалған деп жазады Daily Star басылымы. Елдің бюджетіне қатысты маңызды мәселелерді талқыға алудың орнына жұмыста порно тамашалауға кіріскен депутаттың бұл әрекеті әшкере болып қалған.

 

 

Баспасөз галереясында отырған репортер Чонбури провинциясынан келген Ануват мырзаның ойы басқа жақта отырғанын байқап қойып, оны суретке түсіріп алады. Өз суретін мұқият қарап шыққан журналист депутаттың ұялы телефонға не себепті үңіліп отырғанын түсінген.

 

 

Егде жастағы азаматтың телефонында тыр жалаңаш төсекте жатқан арудың фотосы ашылып тұрған екен. Масқара болған депутат бұл әрекетін түсіндіруге тырысып бақты. Айтуынша, белгісіз бойжеткен көмек сұрап, депутатқа хабарлама жолдаған. Онда бейәдеп суреттер барын білмеген депутат парламентте бойжеткеннің "мәселесін" шешу үшін хабарламаны ашқан-ды.

 

 

Тағы бір фотода депутат жалаңаш арудың суретін жақындатып, үңіле қарағаны байқалады. Бұл әрекетіне де шенеунік түсініктеме берді. Ол бойжеткенге қауіп төніп тұрмағанына көз жеткізу үшін суретті мұқият қарап шыққан екен. Депутаттың бұл түсініктемесіне еш күмән келтірмеген үкімет оған жаза қолданбайтынын мәлімдеді. Десе де, депутаттың бұл әрекеті қоғамның қызу талқысына түсіп, көпшіліктің ашуын келтірген.

 




Көрілген: 534    Пікірлер: 0

жұма, 18.09.2020, 14:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31