«ДХР» мен «ЛХР»-да «Ресей құрамына кіруге» байланысты референдум өтіп жатыр

24 қыркүйек 2022, 19:03

Украинаның ДХР, ЛХР, Запорожье және Херсон облыстарында Ресейге қосылу туралы референдум өтіп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап жазды.

«Донецк пен Луганск халық республикаларында» (мойындалмаған) сондай-ақ Запорожье мен Херсон облыстарында аймақтардың болашағына қатысты референдум басталған. Дауыс беру бес күн бойы жалғасады. Сейсенбі күні сайлау учаскелерінде, ал алдыңғы күндері қауіпсіздік мақсатында іргелес аумақтарда және үйдегі өтініштер бойынша өтеді.

 

«Бүгін Мәскеу уақытымен сағат 8:00-де Донецк Халық Республикасының Ресей Федерациясына субъект ретінде қосылуы туралы референдумды өткізу процесі басталды. Дауыс беру бұрын белгіленген нысанда ДХР билігі бақылайтын бүкіл аумағында өтеді», - деді «ДХР ОСК» төрағасы Владимир Высоцкий.

 

Өз кезегінде «ЛХР ОСК» төрағасы Елена Кравченко журналистерге сағат 8:00-де республика аумағындағы барлық сайлау учаскелері жұмыс істей бастағанын, барлығы 461 сайлау учаскесі бар екенін, барлық сайлау бюллетеньдері жеткізілгенін айтты.

 

Айта кетсек, Украина құрамындағы жоғарыда аталған облыстарды Ресей Украинадан күшпен тартып алған. Қазір осы басқыншылықтың соңы соғысқа ұласып, 24 ақпаннан бері әлі жалғасып жатыр. Ресей бірнеше күн бұрын елде ішінара мобилизация жариялады. Ал Украина “жерімізді толық қайтарғанша соғысамыз” деп отыр.