Шартарап

Джек Ма құрдымға кетті

  • Джек Ма құрдымға кетті

    Джек Ма құрдымға кетті

Alibaba негізін қалаушы, Қытайдың ең бай азаматтарының бірі Джек Ма екі айдан астам уақыттан бері көпшілік алдына шықпады. Миллиардер Шанхайдағы сөйлеген сөзінде Қытайдың мемлекеттік банктері мен экономикалық реттеушілерін ломбардтармен салыстыра отырып сынға алғаннан кейін құрдымға кетті, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Daily Mail газетінде Қытай билігімен қатынас шиеленіскен жағдайда Ма әлеуметтік медиада белсенділік танытпайтынын жазған. Оның жеке твиттер-аккаунтында соңғы жазба 10 қазанда, ал қайырымдылық қорының аккаунтында 30 қарашада жарияланған. Бұған дейін кәсіпкер, күніне бірнеше твит жазатын.

 
The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, ҚХР билігі Alibaba Group қаржылық органы Ant Group-ты бөлуге мәжбүр етіп, Ма-ның бизнесіне бақылауды күшейтпекші.

Егер бизнес бөлінетін болса, онда мемлекет бөлінген компаниялардың бірін сатып ала алады. Сол арқылы мемлекет Маның бизнесіне араласуға мүмкіндік алады және қадағалауын күшейеді.

Бірақ билік өз талаптарын айтпайды. Алайда Ма мен оның компанияларының басшылығына «бизнесті реформалау қажеттілігін түсіну» туралы үндеуімен жүгінеді. Блумберг түсіндіргендей, Бейжіңнің мұндай әрекеттерінің себебі технология алпауыттарына сақтықпен қарау.

Stan.kz




Көрілген: 528    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.01.2021, 11:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31