Шартарап

Дональд Трамп мәлімдеме жасады – видео

  • Дональд Трамп мәлімдеме жасады – видео

    Дональд Трамп мәлімдеме жасады – видео

Сәрсенбі, 7 қаңтарда қазіргі президенттің жақтастары митинг өткізген. Сол жерде Трамп оларды конгресске барып, сайлаудың нәтижесіне қарсылық білдіруге үндеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter парақшасы арқылы бейнеүндеу жасап, Вашингтондағы тәртіпсіздіктерге қатысқандардың заң алдында жауап беретінін мәлімеді, деп хабарлады РИА Новости. 

"Заңды бұзғандар жауап береді. Мен барша америкалықтар сияқты болған зорлық-зомбылық, заңсыздық пен сұмдыққа ашуландым", - деді Трамп. 

АҚШ президенті Вашингтонда болған тәртіпсіздіктерден кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және конгресс ғимаратына басып кіргендерді шығару мақсатанда ұлттық ұлан мен федералды құқық қорғау органдарын тартуға тапсырма бергенін жеткізді. Бұған дейін ұлттық ұланның сарбаздары вице-президент Майк Пенстің нұсқауымен шығарылды деген ақпарат болған.

 

Айта кетейік, сәрсенбі, 7 қаңтарда қазіргі президенттің жақтастары митинг өткізген. Сол жерде Трамп оларды конгресске барып, сайлаудың нәтижесіне қарсылық білдіруге үндеді. Бірақ көшеге шыққан адамдар конгресс ғимаратына баса көктеп кірді. Бір әйел жарақат алып, қайтыс болды. Бұдан бөлек, тағы үш адам тәртіпсіздіктер кезінде көз жұмды. Капитолий ғимаратына нұқсан келді.

Содан президенттік сайлаудың қорытындысын бекітуге арналған конгрессмендер отырысын кешіктіріп өткізуге тура келді. Вашингтонда комменданттық сағат енгізілді. Ал демократтар Дональд Трампты жауапкершілікке тартуды талап етті. Соңғы 200 жылда конгреске алғаш рет шабуыл жасалып отыр. 

АҚШ президенті өзінің бейнеүндеуінде тәртіпсіздіктерге қатысқан адамдарды айыптап, заң мен тәртіпті сақтау қажеттігін жеткізді. 

https://twitter.com/realDonaldTrump?ref_src=twsrc^tfw|twcamp^tweetembed|twterm^1347334804052844550|twgr^|twcon^s1_&ref_url=https://sputnik.kz/world/20210108/15945723/Donald-Tramp-video.html

"Америка - заң мен тәртіптің мемлекеті, сондай болып қалуы қажет", - деді Трамп. 

"Байденнің әкімшілігі билікке келеді"
Дональд Трамп 20 қаңтарда жаңадан сайлаған президенті Джо Байденнің әкімшілігі билікке келетінін еске салып, Ақ үйді сайлаудағы қарсыласына тапсыруға күш салатынын ерекше атап өтті. 

"Конгресс сайлаудың нәтижесін бекітті. Жаңа әкімшілік билікке 20 қаңтарда келеді. Енді, мен билікті мінсіз тапсыруға күш саламын. Осы кезең тыныштық пен татулықты талап етеді", &mdash деп атап көрсетті Трамп.

Сондай-ақ, АҚШ президенті сайлаудың нәтижесіне не себепті қарсылық білдіргенін де түсіндірді. Оның айтуынша, сол арқылы демократия үшін күрескен. 

"Менің штабым сайлаудың қорытындысына қарсылық білдіру бойынша заңмен бекітіліген барлық мүмкіндікті пайдалануға тырысты. Осылайша, мен америкалық демократияны қорғау үшін күрестім. Біз сайлау туралы заңдарымызға реформа жасауымыз қажет. Соған нық сенімдімін", &mdash деді Трамп.

 




Көрілген: 559    Пікірлер: 0

жұма, 08.01.2021, 11:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31