Шартарап

Достарымен бәстесіп, тұтатқыш жұтқан жігіт жарылып кете жаздады

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Қытайдың Шэньян қаласының тұрғыны от тұтатқышты жұтып қойып, ауруханаға тек 3 күннен кейін келіпті.


25 жастағы ер азамат ішімдікке тойып алып достарымен бәс тіккен көрінеді. Нәтижесінде ұтылып отжаққышты жұтып алыпты.


Бөгде зат оның ағзасынан өзі шығады деп ойлап, ол ауруханаға да бармаған көрінеді. Екі күн өткен соң қытайлық жігіт қайтадан достарымен бірге алкогольді сусын ішіпті. Алайда бұл жолы оның асқазаны ауырып, жүрегі айни бастаған.


22 қараша күні достарымен бәстескен азамат ауруханаға ақыры барған көрінді.


"Науқас аузын ашқан кезде, газдың иісі бірден байқалды. Асқазан сөлі отжаққыштың сыртын ерітіп жіберген. Нәтижесінде оңай тұтанатын сұйықтық асқазанда қалып қойған. Қуанышқа орай, ер адам отқа жақындамаған көрінеді. Әйтпесе ол жарылып кететін еді", - деді Лю Си есімді қытайлық дәрігер.


Бұған қоса науқастың асқазан жарасы анықталыпты. Бөгде затты ағзадан шығару үшін ауыр ота жасалған.


Дәрігерлердің сөзінше, егер тағы бір-екі күн кешіккенде науқастың өміріне қауіп төнетін еді.


ktk.kz


 




Көрілген: 445    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.11.2019, 09:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31