Шартарап

Дубай ханшайымы тұтқында отырғанын мәлімдеді (видео)

  • Фото: spletnik.ru

    Фото: spletnik.ru

Дубай ханшайымы Латифа бинт Мохаммед Аль Мактум виллада тұтқында отырғанын айтып, жасырын видео түсірді. Үйдің терезесі жабық, оның медициналық көмек алуға мүмкіндігі жоқ деп хабарлайды CNN.

 

Латифа бинт Мохаммед Аль Мактум - БАӘ премьер-министрі, шейх Мохаммед ибн Рашид Аль Мактумның қызы. Ол ең алғаш рет 2018 жылдың наурыз айында Үндістан жағалауындағы яхтада бой көрсеткен.

 

Кейіннен ханшайымға жақын адамдардың дерегінше, оны Дубайға қайтарып алған. Бұл шетелге қашып кетуді жоспарлаған Латифа үшін сәтсіз аяқталған екінші операция. Ол бұған дейін яғни 2002 жылы жасөспірім кезінде Біріккен Араб Әмірлігін тастап кетпек болған еді.

 

Латифа видеода ваннада құрбысы сыйлаған ұялы телефонмен жасырынып отырғанын айтады. Ол жазбасында вилланың жағалау маңында тұрғанын, терезе мен есіктер жабық екенін, өзін күзет бақылайтынын, сондықтан тек өз бөлмесінен асүйге ғана бара алатындығын айтқан.

 

Айта кетейік, Латифа Мохаммед бин Рашид аль-Мактумның жанұясынан қашпақ болған бірінші адам емес.

 

Оның бұрынғы әйелі иорданиялық ханшайым - Хайя бинт аль-Хусейн 2019 жылы Дубайдан Лондонға екі баласымен бірге қашып кеткен еді. Ол - шейхтің алтыншы әйелі болған, бірақ Латифаның анасы емес. Көп ұзамай ханшайым балаларын өз қамқорлығына алу үшін Лондонның Жоғары сотына арызданған.

 

Шейхтің басқа әйелінен туған қызы Шейха Шамса да 2000 жылы жазда Ұлыбританияға барған уақытта өз жанұясынан қашып кеткен. Кейін оны әкесіне жұмыс істейтін азаматар Кембриджде ұстап, шейхқа тиесілі аймаққа апарған. Кейіннен оны тікұшақпен Франциядағы Довильге, артынша Дубайға жеткізген.

 

 

 




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.02.2021, 17:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30