Шартарап

Дубайда балконда жалаңаш суретке түскен қыздар қамауға алынды

  • Дубайда балконда жалаңаш суретке түскен қыздар қамауға алынды

    Дубайда балконда жалаңаш суретке түскен қыздар қамауға алынды

БАӘ-дегі танымал қонақүйдің балконында жалаңаш қыздар түскен фотосессияның видеолары мен фотосуреттері пайда болғаннан кейін жанжал басталды. Оннан астам қыз камераға тыр жалаңаш түскен.

Кадрлар қоғамның ашуын туғызды, сол күні құқық қорғау органдары модельдерді ұстады. Қыздар Ресей, Украина, Молдова және Беларусь азаматтары болып шықты.
"Мұндай орынсыз әрекет араб елінің құндылықтары мен этикасын көрсетпейді" , - делінген Дубай полициясы хабарламасында. Соттан кейін қыздар алты айға дейін бас бостандығынан айрылып, БАӘ-нің әдептілік туралы заңдарын бұзғаны үшін мың фунт (шамамен 595 мың теңге) айыппұл салынуы мүмкін.

Mash Telegram каналының хабарлауынша, Дубайда ресейлік IT-кәсіпкер Алексей Концов та қамауға алынды.

Mash мәліметтері бойынша, бұл "секс кешін" ұйымдастыруына байланысты. Халықаралық Involta компаниясының негізін қалаушы Концов бірқатар баптар бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Оның туыстары ресейлік дипломаттардың көмегіне жүгінгені туралы да хабарланған.




Көрілген: 443    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.04.2021, 19:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31