Шартарап

Дүкенді тонаған азамат ұрланған ақшаны кедейлерге таратып берген

  • Дүкенді тонаған азамат ұрланған ақшаны кедейлерге таратып берген

    Дүкенді тонаған азамат ұрланған ақшаны кедейлерге таратып берген

Ресейде бутикті тонаған ер адам ондағы қаражатты жағдайы төмен отбасыларға таратып берген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Забайкальский өлкесіндегі Приаргунский ауданында полицейлер сауда бутигіндегі 800 мың рубль қаражатты ұрлап кеткен ер адамды қолға түсірді. Жергілікті ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, ол ұрланған қаражатты толықтай жағдайы төмен отбасыларға таратып жіберген екен.

 

Бутикке терезе арқылы кіріп кетіп, оны тонаған 23 жастағы азамат өз кінәсін мойындап отыр. Ол дүкенде адам жоқтығын және дабыл орнатылмағанын дүкеннің терезесіне тас лақтыру арқылы тексерген. Ешкім жоқтығына көзі жеткен жігіт ондағы үш ноутбук пен сейфтегі 800 мың рубльді қолды қылыпты.

 

"Жігіттің сөзіне сенсек, ол жарты қаражатты көмек сұраған кедей адамдарға таратқан, ал қалған жартысын қайырымдылық қорының жәшігіне салып кеткен. Бүгінде бұл ақпарат тексерілуде", - дейді тәртіп сақшылары.

 

Ұрланған қаражаттың 57 мың рублін ер адам жұмсап үлгермепті. Аталмыш сома қожайынына қайтарылды.

 

Факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынған.

 

Еске салсақ, бұған дейін біз Шымкентте 8 бірдей шенеунік жемқорлықпен ұсталғанын жазған болатынбыз.

 

Одан бөлек, Украинада айыппұлды мүлде төлегісі келмеген келіншек түбіртекті шайнап жеп қойғанын жазған болатынбыз. Мәселені осылайша шешпек болған әйел тәртіп сақшыларының таңданысын тудырған.




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

сенбі, 12.09.2020, 02:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31