Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Эфиопияда 100 мың бала аштық зардабын тартуы мүмкін

31 шілде 2021, 12:35

Эфиопияның Тыграай өңірінде алдағы бір жылда 100 мыңнан аса бала аштық зардабын тартуы мүмкін.

 

ЮНИСЕФ өкілдері осылай деп отыр.

 

Өйткені қазір аймақта әрбір екінші жүкті әйел немесе бала емізетін келіншек тойып тамақ ішпейді екен. Салдарынан нәрестелердің түрлі ауруға шалдығу қаупі жоғары болады.

 

Сарапшылар бұған өңірде өткен жылдан бері жалғасып жатқан қарулы қақтығыстар себеп дейді.

 

Шиеленістер кесірінен аймаққа гумианитарлық көмектің жеткізілуі де қиын болып тұр.  

 

Марикси Меркадо, ЮНИСЕФ өкілі: 

 

- Қарулы қақтығыстар салдарынан қаншама адам бспанасыз қалды. Азық-түлік дүкендерінің біразы тоналған. Алдағы уақытта аштық деңгейі тек арта бермек. Сондықтан бізге аймаққа гуманитарлық көмек жеткізу жағын реттеу керек.

 

 

 

24.kz