Шартарап

Екі ер адам үш жасар қызды зорлап, басын кесіп тастаған

  • © Sputnik Казахстан

    © Sputnik Казахстан

Үндістанның Джаркханд штатында үш жасар қызды анасының жанында ұйықтап жатқан жерінен алып кетіп, өлтіріп тастады, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.


Ер адам теміржол станциясында қызды еш саспастан көтеріп алып кетеді. Ал ұйықтап жатқан анасы ештеңені сезбеген.


Ұйқысынан оянған әйел қызының жоқтығын көріп, полицияға хабарлайды. Ол бір кездері өзі тастап кеткен күйеуінен күдіктенген. Өйткені жоғалған уақытта ер адам да олармен бірге сол теміржол станциясында болған. Ер адам балалар саудасына қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды.


Қылмыскерлер мекеменің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция қызметкерлері сол арқылы ер адамның 30 жастағы достарын тез таба алды. Олар тергеу кезінде қыздың күні бойы зорлағандарын айтқан. Сәби жылап қоймаған соң, өлтіріп тастаған. Қылмыскерлер үш жасар қыздың денесін қайда лақтырғандарын да көрсетті. Алайда, оның басын неліктен кесіп тастағандарына жауап бере алмаған.


Кішкентай қыздың мүшесі сол күйі табылмады.


Анықталғандай, қызды алып кеткен ер адам 2015 жылы бала ұрлау ісі бойынша сотталған. Жақында ғана түрмеден шыққан оның үш баласы бар екен.  




Көрілген: 733    Пікірлер: 0

жұма, 02.08.2019, 17:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30