Шартарап

Екі жігіт интимдік қызмет көрсететін жезөкшелерді тонап кеткен

  • https://voskresensk-24.ru/

    https://voskresensk-24.ru/

Ресейдегі Түмен облысында полицейлер жезөкшелерге шабуыл жасап, оларды тонап кеткен екі жігітті құрықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

 

Құқық қорғау органдарының ақпаратынша, екі бойжеткен интимдік қызмет көрсетумен айналысқан, ал келушілерді ғаламтор арқылы іздестіріпті.

 

Арулардың хабарламасына екі жігіт жауап беріп, қыздар көрсеткен мекенжай бойынша келген.

 

"Қонақтар пәтерге кірген бойда бойжеткендердің бетіне газ баллон шашқан. Содан кейін қаскөйлер екеуін де шашынан тартып, үйдегі барлық құнды заттар мен ақшаны талап еткен", - делінге ведомство хабарламасында.
Оқиға нәтижесінде бойжеткендердің жалпы құны 100 мың рубльді құрайтын екі ұялы телефоны және 50 мың рубль қолды болған.

 

Қазіргі таңда қаскөйлер ұсталды. Олар 22 және 24 жастағы жас жігіттер болып шыққан.

 

Құқық қорғау органдары сыбайлас қарақшылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жігіттер он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Зардап шеккен қыздар да жазасыз қалмады. Оларға "жезөкшелікпен айналысу" бабы бойынша әкімшілік протокол толтырылды.

 




Көрілген: 625    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.02.2020, 16:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31