Екі жыл бұрын жоғалып кеткен спортшының денесі орманнан табылды

31 желтоқсан 2021, 12:32

АҚШ-тың Миссури штатындағы Брэнсон қаласының маңында ММА-дің әуесқой шебері Дэвид Кенигтің денесі табылды, деп хабарлайды Eurosport.

 

Полиция мәліметінше, 22 желтоқсан орман арасынан адам денесі табылған. Оны бұғының мүйзін іздеушілер көрген. Сот-медициналық сараптама ол Дэвид Кениг екенін растады. Сонымен бірге, оның жанынан жеке заттары да табылған.

 

Сот-медицина сарапшылары Дэвид адам қолынан мерт болмағанын анықтады. Соңғы рет Кенигті 2020 жылы 8 ақпанда көрген.

 

Сол жылы наурызда спортшы іздеуге жарияланды.

 

 

kaz.vesti.kz