Шартарап

Екі қызды 4 жыл бойы зорлап, қамауда ұстаған маньяк бостандыққа шыққалы жатыр

  • Көрнекі фото.  https://ok.ru/

    Көрнекі фото. https://ok.ru/

Рязань облысының тұрғыны, "скопинский маньяк" деген атпен белгілі 70 жастағы Виктор Мохов сәрсенбіде бостандыққа шығады. Маньяк екі қызды ұрлау және зорлау ісі бойынша 17 жыл қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеді. Ақпарат Саратов облысы Пугачев аудандық сотының сайтында жарияланды, деп хабарлады РИА Новости.

 

Мохов екі қызды ұрлап, зорлаған. Төрт жыл бойы жертөледе ұстаған. 3 наурызда жазасын өтегеннен кейін босатылды, делінген құқық қорғау органдары таратқан ақпаратта.

 

"Сотталған Мохов "түзеу колониясы-4" федералдық қазыналық мекемесінде жазасын өтеп жатыр, жазаны өтеу мерзімі 2021 жылдың 3 наурызында аяқталады. Түзету мекемесінен босатылғаннан кейін Мохов өз өтініші бойынша Рязань облысының Скопин қаласында тұрады", - делінген сот шешімінде.

 

"Жазасын өтеу уақытында Мохов еңбекке қанағаттарлық деңгейде қарады, жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін бір жаза алды. Тәрбиелік сипаттағы іс-шараларда белсенді емес, қажет жағдайда қоғамдық өмірге қатысады, мамандық бойынша оқыды, туыстарымен араласпайды, кінәсін ішінара мойындады, түзелу жолына түскен жоқ", - делінген шешімде.

 

Маньяктан 100 шақырым жерде тұрады

 

Ал маньяктың құрбаны болған Екатерина Мартынова жақында босатылатыны туралы жаңалыққа қатысты ойын айтты.

 

"Қорыққаным емес, бірақ мені үш жарым жыл қалыпты өмірімнен айырған азаптаушының жақында бостандыққа шығып, қалыпты өмір сүретіні біртүрлі болып көрінеді", - деді ол.

 

Маньяктың құрбаны Моховтан жүз шақырым жерде тұратынын, сондықтан одан қорқатын ештеңе жоқ екенін айтты. Сонымен қатар Моховтың көршілері оған Скопинде тұруға мүмкіндік бермейтінін айтқан.

 

Айта кетейік, 2000 жылы Скопин қаласында слесарь Мохов 14 және 17 жастағы екі қызды ұрлап, төрт жылға жуық жертөледе ұстады. Тұтқында болған кезде оның бірі еркінен тыс одан екі рет босанды, қылмыскер балаларды алып кетіп отырған. Ол кезде жасөспірім Екатерина екінші бойжеткенді босандырып алған.

 

Мохов қыздарды аштықта ұстап, жарықсыз қалдырған. Резеңке шлангамен ұрып, бөлмеге көзден жас ағызатын газ шашқан. Құрбандар толық қараңғыда отырған, арасында ғана таза ауаға шыққан.

 

Қыздар хат жазып, оны ғажайып жолмен сыртқа беріп жіберген. 2004 жылдың 4 мамырында олар бостандыққа шықты.

 

Скопин аудандық соты 2005 жылы 30 тамызда Моховты 17 жылға бас бостандығынан айырды, ол қатаң режимдегі колония жазасын өтеді.

 

Пугачев аудандық сотының 2012 жылдың 24 шілдедегі өзгерістерін ескере отырып, бұл мерзім 16 жыл 10 айға дейін қысқартылды.

 

Қыздарды ұрлауға көмектескен маньяктың серіктесі Елена Бадукина бес жарым жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтед

 

sputnik.kz




Көрілген: 909    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 17:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30