Шартарап

Екінші әйелге үйлену үшін жұбайын өлтірген

  • Фото: twitter.com/IndiaToday

    Фото: twitter.com/IndiaToday

Үндістаның Коллама қаласының 27 жастағы тұрғыны жыланның көмегімен әйелін өлтірмек болған. Белгілі болғандай ол мұндай қадамға екінші әйел алу үшін барған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ life.ru-ге сілтеме жасап.

 

Сурадж есімді жігіт улы жылан сатып алып, оны өзінің 25 жастағы әйелінің бөлмесіне тастап жіберген. Жануар әйелді шағып алғанымен, ол тірі қалады.

 

Алайда оған екі ай ауруханада жатуға тура келеді. Ал жұбайын өлтірмек болған ер адамның ісі жазатайым оқиға деп танылып, ол жазадан құтылып кетеді.

 

Сонымен қатар ол мұнымен қоймай, ойға алған ісін соңына дейін жеткізуді жоспарлайды. Ол үшін Сурадж ауруханадан шыға сала ата-анасының үйіне аттанған әйеліне барып, бұрынғы іс-әрекетін қайта қайталайды. Бұл жолы ол кобраны сатып алып, ұйықтап жатқан жұбайының бөлмесіне кіреді.

 

India Today-дың жазуынша, ер адам жыланның жорғалап кетпей, құрбанын шағып алуын қадағалап, оны өз қолымен ұстап тұрған. Таңертең келіншек жансыз күйде табылған.

Әйел адамның өліміне Сурадж бірден күдікті деп танылған.

 

Құқық қорғау органдары ер адамның жыланды сатып алғанын және соңғы бірнеше айдан бері олармен өзін қала ұстау керектігін үйреніп жүргенін анықтаған.

 

Ал әйелін өлтіруге ақша себеп болған көрінеді. Белгілі болғандай, Сурадж Утраға үйленген кезде оның ата-анасынан 100 алтын тиын, жаңа көлік пен 500 мың рупи қаржылай сыйлық алған. Кейін ол әйелін тастап, басқаға үйленбек болған. Алайда тойда алған сыйлықтарынан айырылып қалудан қорықса керек.

 




Көрілген: 1367    Пікірлер: 0

жұма, 29.05.2020, 15:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31