Экс-полицей балабақшаға оқ жаудырды

06 қазан 2022, 15:41

Таиландта бұрынғы полиция қызметкері балабақшаға оқ жаудырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Мassaget.kz тілшісі minval.az ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды. 

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ер адам Нонгбуалампху провинциясындағы білім беру мекемесіне келген. Ол сол кезде ұйықтап жатқан балаларға оқ жаудырған.

 

Алғашқы дерек бойынша 26 адам қаза болды (кейінгі дерек бойынша зардап шеккендер саны - 32), оның ішінде балалар мен тәрбиешілер бар.

 

34 жастағы ер адам оқиға орнынан қашып үлгерген.

 

Кейін қылмыскердің өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.