Шартарап

Экс-президенттің қызы «қаржыны қисапсыз шашты» деп айыпталды

  • Фото: pixabay.com

    Фото: pixabay.com

Анголаның бас прокуратурасы Африкадағы ең дәулетті әйел Изабель Душ Сантушқа (Forbes есебінше, байлығы – 2,1 млрд доллар) "ақша жымқырды, қаржыны қисапсыз шашты" деген айып тақты, деп хабарлайды   Skifnews.kz ақпарат порталы, Azattyg.org-қа сілтеме жасап.

46 жастағы Изабель Душ Сантуш – 1979-2017 жылдары Анголаның президенті болған Жозе Эдуарду Душ Сантуштың үлкен қызы.

Фото: Azattyg.org

22 қаңтарда Ангола астанасы Луандада бас прокурор Хелдер Питта Грос баспасөз мәслихатын өткізіп, Изабель Душ Сантуш "елдегі Sonangol (Сонангол) мұнай компаниясын басқарып тұрғанда 1 миллиард долларды жымқырды деген күдікке ілінгенін" айтты.

Прокурор қазір Ұлыбританияда тұратын Изабель Душ Сантушты Анголаға шақырып, сот алдында жауап беруін талап етті. Хелдер Питта Грос "Душ Сантуш елге өз еркімен оралмаса, халықаралық іздеу жариялайтынын" мәлімдеді.

Ангола экс-президенттің қызын "билігін асыра пайдаланды, жалған құжаттар жасады" деп те айыптайды және оның үстінен қылмыстық із қозғамақ. Қазір Изабель Душ Сантуштың Анголадағы активтері бұғатталған. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамайды. Изабельдің пайымдауынша, оны 2022 жылы Анголада президент сайлауына түсірмеу үшін қазіргі билік үстінен іс қозғап отыр.

19 қаңтарда Журналистердің халықаралық зерттеу консорциумы (ICIJ) Изабель Душ Сантуштың қалай байығанын көрсететін мыңдаған құжатты жариялады. Онда Изабель Душ Сантуштың жер, мұнай және алмаз бойынша қымбат келісім-шарттарға қол қойып байығаны жазылған. Құжатта Батыс компанияларының Изабель Душ Сантушқа Анголадан ақша шығаруға көмектескені жайлы деректер бар. Құжаттардағы ақпаратқа сай, ол бұл әрекеттердің бәрін әкесі президент болып тұрғанда жасаған. Ал Душ Сантуш болса, құжаттардағы деректердің бәрін жоққа шығарады.

Ескерте кетейік, Ангола конституциясына сәйкес, ол жақта екі азаматтығы бар адам президент сайлауына түсе алмайды. 




Көрілген: 487    Пікірлер: 0

жұма, 24.01.2020, 16:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30