Шартарап

Эльбруста мерт болған альпинистердің саны бес адамға жетті

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

23 қыркүйек күні кешкісін Эльбруста көмек сұраған альпинистер тобының бес мүшесі қайтыс болды. Бұл туралы РФ ТЖМ Кабардино-Балкария бойынша бас басқармасының бастығы Михаил Надёжин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

 

«Өкінішке қарай, бес адамның мәйіті табылды», - деді агенттік дереккөзі.

 

Сондай-ақ, ол іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 14 адамды төменге алып түсіп, дәрігерлерге бергендерін атап өтті.

 

«Барлық 14 адам апат медицинасы және жедел медициналық жәрдем дәрігерлеріне берілді. Оның ішінде 11-і Нальчик қаласындағы республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Үш адам ауруханаға жатудан бас тартты», - деді ол.

 

«Құтқарушылар екі адамды құтқарамыз деп ойлап еді, бірақ, өкінішке қарай, олар барған кезде екі адам көз жұмған екен. «Гара-Баши» стансасында, 3900 метр биіктікте апат медицинасы дәрігерлері олардың қайтыс болғанын анықтады», - деді ол.

 

Бұған дейін үш адамның көз жұмғаны хабарланған болатын.

 

 

 

 




Көрілген: 420    Пікірлер: 0

жұма, 24.09.2021, 08:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31