Италияда да инфляция 6,5 процентке жетіп, кейінгі 30 жылда болмаған рекордты жаңартты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Украинадағы әскери іс-қимылдар салдарынан энергия тасымалдаушылардың құны артып, басқа тауарлар да қымбаттап барады.
Мәселен, ең негізігі деген азық-түлік бағасы 10-25 процентке өскен. Ал газ тіптен екі есе, электр энергиясы 3 есе қымбаттаған.
Осыған байланысты елдің солтүстігіндегі бассейндердің көбі жабылып қалды.
Кәсіпкерлер қазіргідей жағдайда оларға қызмет көрсету қиын екенін айтады.
Роберто Карбони, кәсіпкер:
– Біз жүзу бассейнімізді осы аптада жаптық. Неге дейсіздер ме? Өйткені газ мен электр энегиясына кететін шығындарды қысқартуға мәжбүрміз. Күзге дейін бағалар тұрақталмаса, күн көруіміз тіптен қиындап кетейін деп тұр.