Электронды темекі шегемін деп тістерінен айырылды

09 маусым 2022, 09:36

Екатеринбургте вейп (бу шығаратын электронды темекі түрі-авт.) жарылып кетіп жасөспірім алдыңғы тістерінен айырылып, ерні жыртылған. Бұл туралы Stan.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Полицияның мәліметінше, 15 жастағы жасөспірім досынан вейп алып, үйде ешкім болмаған кезде құрылғыны қосқан.

 

"Бірден жарылған дыбыс шықты, жасөспірім ауыз қуысында қатты ауырсыну сезініп, қан кетті. Шоктан айыққаннан кейін кәмелетке толмаған баланың алдыңғы бес тісінің жоқ екенін анықталды", – делінген хабарламада.

 

Жасөспірім алғашында ата-анасының жазасынан қорқып вейптің кесірінен тіссіз қалғанын жасыруға тырысқан.

 

Алайда ол көп ұзамай анасына болған жайды айтып берген. Салдарынан, вейпинг салдарынан жасөспірім үстіңгі-астыңғы ерні де жыртылып, үстіңгі және астыңғы жақтағы тістері сынып, білегі күйіп қалған. Аталған факті бойынша Ішкі істер министрлігі тергеу жұмыстарын бастады.

 

Айта кетейік, Қазақстанда "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске вейптерді сатуға және пайдалануға тыйым салатын түзетулер енгізбекші.