Елизабета ханшайымға бір аяғын бүгіп, сәлем салған келіні елді таңқалдырды

30 мамыр 2022, 20:58

Видео Instagram-дағы Omir_zhayly парақшасында жүктелді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Британия ханшайымы Елизавета II-ге келіні Кэти Миддлтон иіліп сәлем салып, құрмет көрсеткен видеосы желіде тарады.

 

Онда Уильям ханзаданың жары Кейт Миддлтон Британия ханшайымына бір аяғын бүгіп, иіліп тұрып құрмет көрсетіп жатыр. Ал Елизавета ханшайым Кэтиге қарап күлімдеп қояды.

 

 

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары Кэтидің әрекетін қазақ келіндерінің ата-енеге деген құрметін білдіретін "сәлем салу" дәстүріне ұқсатты.

 

"Енесіне сәлем салу Англияда да бар екен".

 

"Адайлардың келіндері сияқты салады". "Әдемі көрінеді". "Қазақтарға ұқсайды екен", –дейді желі қолданушылары.