"Елін сатты" делінген Пётр Порошенко Украинаға ұшып келді

17 қаңтар 2022, 21:18

Украинаның бұрынғы президенті Пётр Порошенко Украинаға ұшып келді.

 

17 қаңтарда оппозициялық саясаткер отырған ұшақ Варшавадан Киевтің Жуляны әуежайына қонды.

 

Кедендік бақылау қызметі Порошенконың төлқұжатын алып қойған. Бірақ көпшіліктің наразылығынан кейін саясаткерді және бірге келгендерді шекарадан өткізді.

 

Әуежайда бұрынғы президентті жүздеген жақтасы күтіп алды.

 

Былтыр желтоқсанда Порошенко «мемлекетке сатқындық жасады» және «терроризмге көмектесті» деген күдікке ілінген еді.

 

Енді бүгін жергілікті сот Порошенконы қамауға алу-алмау жағын қарайды.

 

Дегенмен, Порошенко өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

 

 

 

24.kz