Шартарап

Емінің ақысын өтей алмаған науқасты дәрігерлер өлдіге балаған

  • Емінің ақысын өтей алмаған науқасты дәрігерлер өлдіге балаған

    Емінің ақысын өтей алмаған науқасты дәрігерлер өлдіге балаған

Үндістанның Лакхнау қаласының тұрғыны Мохаммед Фуркан жол-көлік апатына түсіп, ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Жекеменшік клиниканың дәрігерлері емнің ақысын төлеуге мұршасы жетпеген пациентін өлдіге балаған деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Мохаммад Фурканның туғандары оның емін барынша қаржыландырып тұрды. Алайда кеткен қаржының көлемі 10 мың долларды құраған кезде, туысқандардың ақшасы таусылған. Мұны білген жекеменшік клиника Мохаммадты өлдіге балап, қаралы хабарды жақындарына хабарлапты.


Қайғыдан құса болған отбасы жерлеу рәсіміне дайындықты бастап та кеткен. Алайда марқұмның денесі ауруханадан үйге жеткізілген кезде, ағасы Мохаммадтың аяқ-қолын әлсін қозғалтып жатқанын байқаған.


Мұны көріп, қуанған туысқандары оны басқа ауруханаға жеткізеді. Ол жердегі дәрігерлер Мохаммадтың бұған дейін, тіпті, өлмегенін айтқан.


Тірідей көміле жаздаған науқас қазіргі уақытта керек көмекті алып жатыр. Алайда болған жағдай қоғам арасында үлкен резонанс тудырды.


Пациентті өлдіге балаған жекеменшік клиникаға қатысты тергеу жұмыстары басталған.




Көрілген: 465    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.07.2019, 13:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31