Шартарап

Емшіге сеніп, жануардың сүйегінен жасалған ұнтақпен емделген қыз көз жұмды

  • Емшіге сеніп, жануардың сүйегінен жасалған ұнтақпен емделген қыз көз жұмды

    Емшіге сеніп, жануардың сүйегінен жасалған ұнтақпен емделген қыз көз жұмды

  • Емшіге сеніп, жануардың сүйегінен жасалған ұнтақпен емделген қыз көз жұмды

    Емшіге сеніп, жануардың сүйегінен жасалған ұнтақпен емделген қыз көз жұмды

Қарақалпақстанның Тахиаташ ауданында ақ қанмен (лейкоз) ауырған 12 жастағы қыз қаза болды деп жазады KAZ.NUR.KZ Centralasian.org қызмметіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Гаухар Абдисаметова осыған орай мәлімдеме жасады.

Қыздың анасы Рашид Картбаев есімді емшінің айтқанына сеніп, химиялық терапияны тоқтатып, қызын жануардың сүйегінен жасалған ұнтақпен емдеген.

"12 жастағы қыз біздің аудандық ауруханада тіркеуге алынды. Оның анасы жануардың сүйегі және жүндерінен жасалған ұнтақтың қасиетіне сеніп, химиялық терапияны тоқтатып қойған.

Қолдан жасалған ұнтақтың қасиеті туралы ешнәрсе айта алмаймын, бірақ қыздың ақ қан ауруынан қаза болғаны рас", - деді вице-министр.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Картбаев үй жануарларының сүйегінен және жүнінен жасалған ұнтақ "барлық ауруға ем" деп сатып келген.

Оның бұл "дәрілерінің" бағасы 85 000-350 000 сум (8-36 доллар) тұрады.

Президент Шавкат Мирзияев қол қойған бұйрыққа сәйкес, елде халықтық медицинамен айналысуды қалайтындар арнайы рұқсат (лицензия) алуы тиіс.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Картбаевтың мұндай лицензиясы болмаған.




Көрілген: 1056    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.03.2020, 11:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30