Шартарап

Емуден бас тартқан сәби анасын ажалдан арашалап қалды

  • © Stan.kz

    © Stan.kz

Англияның Ливерпуль қаласында бір жасар сәби анасының оң жақ омырауын емуден бас тартқан. Оның бұл әрекеті анасының өмірін құтқарып қалды.


37 жастағы Джоан Карр – екі баланың анасы. айтуынша, ұлы Джуди тек сол жақ омырауын еміп, екіншісін емуден бас тартқан. Осыдан кейін әйел дәрігерлерге кеңес сұрап барыпты. Ауруханадағылар оны тексеріп, омырауынан қатерлі ісікті анықтайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.



«Өмірім үшін ұлыма қарыздармын. Бұл ғажайып жағдай болды. Егер Джуди болмағанда, ісік туралы білмей жүре беретін едім. Оның өмірімді құтқарғанына ешқандай күмәнім жоқ», - дейді Карр.


Әйел тиісті ем қабылдап, дәрігерлер 2018 жылдың наурыз айында оның омырауында қалған қатерлі ісік жасушаларын алып тастапты. Сол жылдың сәуір айында әйел толықтай сауыққан.



Каррдың пікірінше, оң жақ омырауының ұшына жақын орналасқан екі сантиметрлік ісік ұлының емуіне кедергі келтірген.


«Джудиге қарыздармын. Мен үшін ол бүкіл әлемнен де қымбат», - дейді әйел.


 




Көрілген: 357    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.07.2019, 10:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31