Шартарап

Ең бай депутат қамауға алынды

  • https://turkystan.kz/

    https://turkystan.kz/

Ресейдің Сахалин облыстық Думасының миллиардер депутаты Дмитрий Пашов қамауға алынды, деп хабарлайды РИА Новости. 

 

Сот оған екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім қабылдады.

 

Пашов тергеу изоляторында 26 сәуірге дейін болады.

 

Сахалин облысының балық шаруашылығы қауымдастығының президенті, жергілікті парламент депутаты Максим Козловтың айтуынша, Пашов осы уақыт ішінде Сахалинде болған, барлық тергеу шараларына, жауап алуға қатысқан.

 

 

Дмитрий Пашов 26 ақпанда Хабаровскіге іссапармен келіп, ескі іс бойынша жауап алуға шақырылған кезде ұсталды, ол іс бойынша жауапқа тарту мерзімі аяқталды.

 

Әңгіме «теңіз шаяны патшасы» Олег Канға қатысты видео туралы болып отыр.

 

Бейнежазбада Сахалин депутатының достарының бірі Самарга өзенінен Қызыл кітапқа енген балықты аулап жатқан сәт түсірілген.

 

Алайда Sakh.com сайтының хабарлауынша, Пашов оған тіпті қол тигізбеген.

 

Олег Канға халықаралық іздеу жарияланды.

 

Айта кетейік, 2020 жылдың қыркүйегінде Forbes Пашовты Ресейдегі ең бай депутат деп жариялады.

 

2019 жылдың қорытындысы бойынша оның отбасының табысы 6,2 миллиард рубльге бағаланды. Депутат «Монерон» компаниясын басқарады.

 

2019 жылы компания 7,97 миллиард рубль табыс тапқан.

 

 

 

turkystan.kz




Көрілген: 399    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 22:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30