Шартарап

Еңбек миграциясы салдарынан Қырғызстанда 277 мыңнан астам бала қараусыз қалған

  • Көрнекі сурет.  © azattyq.org

    Көрнекі сурет. © azattyq.org

Еңбек миграциясының салдарынан Қырғызстанда 277 мыңнан астам бала ата-анасының қарауынсыз қалған.


Қырғызстанның ұлттық статистикалық комитетінің халықаралық ЮНИСЕФ-пен бірігіп жүргізген зерттеуінде осындай дерек айтылады. Зерттеу жаңа туған нәресте мен ана денсаулығын қорғау, білім алу жағдайы, балалардың тамақтану дәрежесі, ерте некеге тұру сияқты 24 саланы қамтыған. 2006 және 2014 жылғы зерттеулермен салыстырғанда 2018 жылғы зерттеудің мүмкіндігі шектеулі балалар денсаулығы, әйелдер қауіпсіздігі, қаражат аудару, негізгі білім алу, энергия қолдану сияқты жаңа аспектілерді қамтығаны айтылады.


ЮНИСЕФ өкілі Мунир Мамадзаде Азаттық тілшісімен сұхбатта ата-аналары еңбек миграциясында жүрген балалардың зорлық-зомбылыққа жиірек тап болатынын айтқан.


Қырғызстанның еңбек және әлеуметтік даму министрлігі 2018 жылы 700-ден астам отбасы арасында сауалнама жүргізіп, әкесі мен шешесі немесе ата-анасының бірі еңбек миграциясында жүрген 102 мыңнан астам бала бар екенін анықтаған. Ведомство басшысы Улукбек Кочкоров Сузак ауданында жақындарынан таяқ жеп, көз жұмған екі жасар қыздың осындай отбасыдан шыққанын айтқан.


 azattyq.org




Көрілген: 456    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.06.2019, 21:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31