Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ЕО газ тұтынуды азайтады

28 шілде 2022, 09:35

Еуроодаққа мүше 27 ел газ тұтынуды азайту жөнінде бірлескен шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24». 
 
Алғашында Венгрия бұл бастамаға қарсы болғанына қарамастан, ақыры бірлескен жоспар мақұлданды. Оған сәйкес одаққа мүше елдер газ тұтыну көлемін 15 процентке қысқартады. Бұл шектеу бірнеше күннен кейін күшіне еніп, алдағы қыстың аяғына дейін жалғасады. «Газпром» Солтүстік ағын» құбыры бойынша газ жеткізуді екі есе азайтатынын жариялағаннан кейін Еуроодақ шұғыл мәжіліс өткізді.

Бүгінгі шешіміміздің арқасында алдағы қыста газ тапшылығы немесе бағалардың шарықтауы секілді қиындықтардан аман қаламыз, – деді Чехия сауда және өнеркәсіп министрі Юзеф Сикела.
Газды дәл қазір үнемдей бастаймыз және ахуал нашарлаған жағдайға бірлескен іс-қимыл жоспарымыз бар. Алдын ала сұранысты азайта бастаудың арқасында азаматтарымыз бен бизнеске тигізетін кері әсерін мүмкіндігінше азайта аламыз, – деді энергетика жөнінде ЕО комиссары Кадри Симсон.


BAQ.KZ