ЕО Польшаға қарсы санкция салуы мүмкін

21 қазан 2021, 19:14

ЕО елдері көшбасшылары Брюссельде өтетін отырыста Польша экономикасына бөлінетін қаражатты қысқарту мәселесін көтермек. Еуропалық Одақ елдерінің басшылары Польшаға қарсы экономикалық санкция салуы мүмкін, депхабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

 

Польша Конституциялық соты Польша заңдарының еуропалық заңдардан үстем екенін жариялағаннан кейін осындай шешім қабылдануы мүмкін.

 

Агенттіктің хабарлауынша, әсіресе Франция президенті Эммануэль Макрон мен Нидерланды премьер-министрі Марк Рюттенің кеңселері Варшаваға қарсы санкция жариялау жағын қолдап отыр. 

 

ЕО елдері көшбасшылары Брюссельде өтетін отырыста Польша экономикасына бөлінетін қаржыны қысқарту мәселесін көтермек.

 

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий Конституциялық соттың шешімін әріптестерінің алдында қорғауға ниетті.

 

18 қазанда Польша үкіметінің басшысы ЕО органдары одаққа мүше елдерге үстемдігін жүргізуді көздейді деп айыптады.

 

Оның айтуынша, Еуроодақ қазір еркін мемлекеттер бірлестігі емес, өз дегенін ұлттық үкіметтерге орындатқысы келетін орталықтандырылған құрылымға айналған.