ЕО Ресей Банкінің тыйым салынған активтерінің көлемін атады

26 мамыр 2022, 08:42

ЕО елдері Ресей Орталық банкінің шамамен 23 миллиард еуро көлеміндегі активтеріне тыйым салды. Бұл туралы Еуропа комиссары Дидье Рейндерс мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters.

Рейндерстің айтуынша, Еуроодақ елдері материалдық активтерге де, атап айтқанда яхталар мен виллаларға да тосқауыл қойды, олардың құны 10 миллиард еуроға бағаланады. 
 
Еурокомиссар Еуроодақтың барлық мемлекеттері ресейлік активтерді бұғаттау туралы ақпарат берген-бермегенін нақтыламады. Ол сондай-ақ ЕО неліктен Ресей Банкінің аз активтерін тоқтатқанын түсіндірмеді.

kaz.tengrinews.kz