Шартарап

"ЭпиВакКорона" вакцинасының қорғаныс деңгейі белгілі болды

  • © AFP 2019 / ERIKA SANTELICES

    © AFP 2019 / ERIKA SANTELICES

Коронавирусқа қарсы ресейлік "ЭпиВакКорона" вакцинасы үш иммундық қорғаныс қалыптастырады, деп хабарлады Роспотребнадзор. Препараттың жұмыс істеу принципі туралы мәліметтер ведомствоның ресми сайтында жарияланды.

 

Антиденелер SARS-CoV-2 вирусының S-ағуызының жасуша рецепторымен өзара әрекеттесуіне кедергі келтіреді. Осылайша бірінші қорғаныс желісі қалыптасады. Вирусты қабықшаның жасушалы мембранамен бірігуіне кедергі жасайтын антиденелер екінші қорғаныш деңгейі болады. Бұл кезде вирустың енуіне қарсы әрекет жүреді. Егер патоген жасушаға енсе, онда үшінші деңгейлі қорғаныс іске қосылады. Бұл кезде макрофагтар, нейтрофилдер және табиғи киллерлер секілді иммундық жүйе элементтері күшейе түседі. Релизде көрсетілгендей, "ЭпиВакКорона" антиденелік әсерден бөлек иммундық Т-жасушалы әсер береді.

 

Бұған дейін "Инфекция және иммунитет" журналы 18-60 жас аралығындағы еріктілерге жүргізілген клиникалық тестілеудің бірінші және екінші кезеңдерінің нәтижесін жариялады: екінші дозаны салғаннан кейін 21 күн өткен соң барлық еріктінің ағзасында антиденелер түзілген.

 

"ЭпиВакКорона" – коронавирусты инфекцияның алдын алу үшін Ресейде әзірленген екінші ("Спутник V" вакцинасынан кейін) препарат. Оның құрамында тірі вирус жоқ және жасанды синтезделген пептидтерді пайдаланудың арқасында иммунитет түзеді.

 

Сондай-ақ Ресейде коронавирусқа қарсы тағы екі вакцина бар. Олар – Гамалея атындағы орталық әзірлеген "Спутник V" және РҒА Чумаков атындағы орталықта дайындалған "КовиВак".

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 417    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 21:59

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31