Шартарап

Ер адам баласының емі үшін жиналған ақшаны ұрлап, оны есірткі мен жезөкшелерге жұмсады

  • Ер адам баласының емі үшін жиналған ақшаны ұрлап, оны есірткі мен жезөкшелерге жұмсады

    Ер адам баласының емі үшін жиналған ақшаны ұрлап, оны есірткі мен жезөкшелерге жұмсады

Бразилияда 130 мың фунт стерлинг ұрлаған (шамамен 59 100 000 теңге) ер адам тұтқындалды. Қатты науқастанып қалған ұлының еміне жұмсалуы тиіс ақшаны ол жезөкшелерге беріп, есірткі сатып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

37 жастағы Матеус Альвесті полиция 22 шілдеде елдің солтүстік-шығысында, теңіздің жағалауында орналасқан бес жұлдызды қонақүйде ұстады. Ақшаны алғаннан кейін оны іздеп табу жұмыстарына бір ай кетті. Полицияның мәліметінше, сол уақыттың ішінде ер адам жезөкшелер мен есірткіге өте көп ақша жұмсаған. Оны тұтқындау кезінде бөлмесінен қымбат сағат, дизайнерлік киім, парфюм және есірткі табылды. Сонымен қатар, ер адам әлеуметтік желіде марихуанамен мақтанып, өзінің керемет өмірі жайлы видео жүктеген.


Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Альвестің бордель ашып, кем дегенде төрт әйелді жұмысқа алуды жоспарлағанын анықтады. Осы мақсатына жету үшін ол шамамен 10,8 мың фунт (5 023 500 теңге)жұмсаған.


Басылымның мәліметінше, ер адамның қолында болған ақша бір жарым жастағы баласы Жуанның еміне жиналған. Ауыр дертке шалдыққан бала қымбат тұратын препараттың алты инъекциясынан құралған курстан өтуі тиіс. Дәрінің әр дозасы 81 мың фунт стерлинг (37 233 000 теңге) тұрады.


Бір жыл ішінде қайырымдылыққа берілген ақшалардың, қайырымдылық акциялардың, краудфандингтік шаралардың көмегімен 216 мың фунт стерлинг жинады. Аталған шараларға танымал спортшылар, полицейлер, қарапайым тұрғындар қатысқан. Ақша төрт шотта жиналды. Альвес және оның әйелі Каринде ақшаға иелік ету мүмкіндігі болды. Баланың анасы күйеуім ақша ұрлап кетеді деп ойламаған екен. Өйткені, ол әйелінің көз алдында әрдайым адал, ұлын жақсы көретін әке болған.


Қазіргі уақытта ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол екі баласы мен әйелін тастап кеткені үшін, алаяқтық жасағаны үшін күдікке ілінді. Әр қылмысы үшін ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  




Көрілген: 332    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.08.2019, 11:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31