Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ер адам биіктен құлаған баланы қағып алды

01 тамыз 2022, 23:05

Қытайда биіктен құлап кеткен баланы дер кезінде қағып алып, оны құтқарып қалған ер адам көпшіліктің алғысына бөленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Қытайдың Чжэцзян провинциясында тұратын ер адам, қырағылы мен батылдығының арқасында кішкентай қыз баланы құтқарып қалды.

 

Шен Донг өзі жұмыс істейтін банкке келіп, көлігін тұраққа қоя бергенде, қатты тарсылды естиді. Тарсылға көршілес орналасқан ғимаратта екі жасар баланың бесінші қабаттың терезесінен бірінші қабаттағы терраса шатырына құлауы себеп болған екен.

 

Абырой болғанда, жұмсақ материалдан жасалған шатыр қыздың құлауын біршама жеңілдеткен. Алайда қыз бала терраса шатырының шетіне қарай сырғи бастайды.

 

Бүлдіршін тағы құлап кете бергенде, 31 жастағы Шен оған дереу көмекке асығады. Ол асфальтқа құлауға шақ қалған сәбиді дер кезінде қағып үлгереді. Шен мен қасындағы әріптесі бұл жайттан кейін жедел жәрдем шақырады.

 

Қыз бала аяғы мен өкпесін зақымдағанымен, бір ажалдан аман қалған.

 

Дәрігерлер оның жағдайы бірқалыпты екенін хабарлады.

 

Сәбидің қалайша құлап кеткені әзірге белгісіз.

 

Видеоны қараған миллиондаған желі қолданушысы Шенге алғысы мен мақтауын жаудырған.

 

Назар аударыңыз: Видеоны жүрегі әлсіз, жүйкесі жұқа адамдарға, жүкті әйелдерге қарау ұсынылмайды!