Шартарап

Ер адам блогер әйелін ашық-шашық образы үшін өлтіріп, өзіне қол салды

  • © Daily Mail

    © Daily Mail

35 жастағы Элиана Феррейра Сиолин мінсіз сымбатымен ерекшеленді. Желіде ашық-шашық образымен танылған әйел күйеуінің қолынан қаза болды, деп жазады stan.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап.

 

Элиана Феррейра Сиолин «Тиктокта» іш киіммен түскен видеоларын жариялады. Оның парақшасына 60 мыңға жуық адам жазылған. Алайда күйеуі Алехандро Антонио Агилера Канталлупиге әйелінің әрекеті ұнамаған.

 

Отбасы Бразилияның Понта-Поран муниципалитетіндегі саяжай  ауласында барбекю ұйымдастырған. Бұл кеште ерлі-зайыптылар арасында жанжал туды. Күйеуі әйелінің жалаңаш күйде желіге шығуына қарсы болды.

 

Ашуланған ер адам тапанша алып келіп әйеліне 14 рет оқ атқан.

 

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары тек Элиананың денесін ғана емес, күйеуін де өлі күйінде тапты. Алехандроның денесі де жақын жерден табылды. 41 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.

 

Қайғылы оқиға ерлі-зайыптылардың алты жасар қызының көз алдында болды. Қыз бала қазір туыстарының қолында. Тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауда.

 

 

 




Көрілген: 1488    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 00:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30