Ер адам бір күнде COVID-19-ға қарсы вакцинаның 10 дозасын алған

14 желтоқсан 2021, 02:14

Жаңа Зеландияда ер адамға бір күнде 10 рет коронавирусқа қарсы вакцина егілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа Зеландия тұрғыны вакциналау орталықтарына барған сайын өзін басқа адаммын деп таныстырған. Дәрігерлер вакциналау жазбалары жаңартылмай тұрған кезде екпе жасаған.

Билік өкілдерінің пікірінше, екпе алғысы келмеген 10 адам осы ер адамға ақша төлеген. Жаңазеландиялықтар белгілі бір кәсіпорындар мен қоғамдық орындарға бару үшін вакцинация сертификатын көрсетуі міндетті.

Окленд университетінің вакцинологы Хелен Петусис-Харрис ер адамның әрекетін "шынында ақымақтық" деп атады. Бірнеше COVID-19 вакциналарының ағзаға әсері туралы шектеулі деректерге қарамастан, дәрігер келесі күні ер адам өзін өте нашар сезінуі мүмкін екенін айтты.
Билік ер адамның он вакцинаға қалай салдырғанына тексеруді жалғастырып жатқанымен, денсаулық сақтау қызметкерлері сәйкестендіру процесінің қиындығына алаңдайды.

Жаңа Зеландия халқының 94 пайызы вакцинаның бірінші дозасын, ал 89 пайызы екі дозасын да қабылдағаны хабарланды.

Бұған дейін Үндістанның солтүстігінде 20 адам медициналық қатеге байланысты коронавирусқа қарсы екпенің екі түрлі дозасын алған.